» » Жаңа заңнаманы іске асыру жайы талқыланды

Жаңа заңнаманы іске асыру жайы талқыланды

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру мәселесіне қатысты жиын өтті.
Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойған болатын. Бұл заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік сатып алулардың сапасын арттыру, бірыңғай платформа құру және «Қоғамдық мониторинг» институтын енгізу арқылы ашықтықты қамтамасыз ету.
Жиын барысында аудан әкімі салалық мамандардың біліктілігін арттыру үшін семинар мен тренингтер ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізілетін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен ашықтығын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жаңа заңнаманың талаптарын мұқият зерделеп, оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
«ҚТ» Ақпарат
01 желтоқсан 2024 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 211
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930