» » Жолдауды жүзеге асыру жолын нақтылады

Жолдауды жүзеге асыру жолын нақтылады

Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының аудан бойынша орындалу барысы талқыланды.
Тұрақты кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысса, кенттер мен ауылдық округ әкімдері онлайн қашықтан қосылды. Жалпы аудан көлемінде Жолдаудан туындайтын мәселелерді жүзеге асыру бойынша жауапты басшылар бекітілген. Оның орындалуы қалай? Дәл осы сұраққа жауап тиісті сала басшыларының қысқаша хабарламасымен берілді. Мұнда не мәселе қозғалды?
Алдымен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесін өзгерту мен мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең-кезеңмен ажырату, кәсіпкерлік саласын цифрландыру, туризмді дамыту, өндіріске жаңа технологиялар енгізу, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, спорт, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласындағы орындалған жұмыс пен алға қойған жос­пар айтылды.
– Жолдаудан туындайтын шараларды қабылдау – басты міндетіміз. Әрі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірден бір жолы. Сондықтан бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, тиісті шараларды уақытылы қабылдауымыз қажет, – деді аудан басшысы.
Тұрақты кеңес соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ал оның орындалуы қатаң бақылауда болмақ.
Айнұр ӘЛИ
16 қараша 2020 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031