Ауданда әдеп жөніндегі уәкілдің онлайн семинары өтті
Қармақшы ауданы әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл, аудан әкімінің орынбасары Қошалақов Әділ Үсенұлының төрағалығымен кезекті онлайн семинар өтті. Қашықтықтан өткізілген онлайн семинарға кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөніндегі мәселелер талданды. Мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың, кенттер мен ауылдық округтердегі жоғарыда аталған жұмыстар бойынша жұмыс нәтижелерін талдау қарастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Үсенұлы мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңдарын және Әдеп кодексіне байланысты құқықтық оқытулар ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді. Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстарды бақылауды үнемі назарға алуды тапсырды. Сонымен бірге кенттер мен ауылдық округтерінің және дербес бөлімдердің қызметтік автокөлікке жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында кезекші автокөліктерді пайдалануды ұйымдастыру және көліктерге «GPS» құрылғыларын орнатуды қарастыру атап айтылды. Отырыс нәтижесінде қызметтік автокөліктерге аудан әкімдігінің логотиптік белгілерін орналастыру, автокөлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану сынды тиісті ұсыныстар талқыланды.
Онлайн семинар қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Қошалақов сала басшыларына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты түрде профилактикалық бақылау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі