Тұрақты кеңесте жолдауды жүзеге асыру талданды
Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының аудан бойынша орындалу барысы туралы мәжілісі өтті. Тұрақты кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты, ал кенттер мен ауылдық округ әкімдері он-лайн қашықтықта қосылды.
Аудан көлемінде Жолдаудан туындайтын мәселелерді жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспарының тармақтары бойынша жауапты басшылар бекітілген.
Мәжілісте Жолдауды жүзеге асырылуының орындалуы туралы тиісті сала басшыларының қысқаша хабарламалары тыңдалды.Жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жүйесін өзгерту мен мемлекеттік басқару және жергілікті өзін – өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең – кезеңмен ажырату туралы айтылған тармақтары бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Ниматулланың жауабы тыңдалды. Одан кейін сөз алған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е. Әбдікеровтың кәсіпкерлік саласын цифрландыру, туризмді дамыту, өндіріске жаңа технологиялар енгізу жөніндегі тармақтар бойынша жоспарлары тыңдалды.
Мұнан басқа аудан көлемінде Жолдаудан туындайтын іс-шаралар жоспарының тармақтары бойынша білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, спорт, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласы басшыларының қысқаша хабарламалары тыңдалды.
Аудан басшысы Мұса Оспанұлы – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын шараларды қабылдау негізгі міндетіміз және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірден бір жолы. Сондықтан бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, тиісті шараларды уақытылы қабылдауымыз қажет,- деп түйіндеді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі