Құрылтай
» » Қармақшы ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

Бүгін облыс әкімінің төрағылымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен жиын өтті. Оған мекеме, кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекет Басшысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын жүзеге асыру, ішкі нарықта тауарлардың сапасын арттыру және облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды. Салық базасын кеңейту, бюджеттік кірістерді арттыру және инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.

Аудан басшысы салық базасын ұлғайту мақсатында заңсыз жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік нысандарын анықтау және оларды заңдастыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық жобаларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен бірге, бюджеттік қаражаттың толық игерілуіне ерекше назар аударып, жауапты тұлғаларға қаржылардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Игерілмеген қаржы анықталған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Мәжіліс соңында бөлім басшыларына макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыру және тапсырмалардың толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты нұсқаулар берілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізу — барлығымыздың ортақ міндетіміз.

19 қараша 2024 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 655
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31