» » Салық базасын кеңейту мәселелері қаралды

Салық базасын кеңейту мәселелері қаралды


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.

«Өңірде тиімді салық саясатын жүргізу, облыстың қаржы қазанына түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді жоспарлануын әрі игерілуін сапалы және нәтижелі ұйымдастыру – басты міндетіміз. Аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінің кіріс көзінің тиімді жоспарлануына, орындалуына жауапкершілікпен қарап, тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс», – деді аймақ басшысы.

Мәжілістен соң аудан әкімі Жандос Еркінбек сала басшыларымен күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жиын өткізді.

Жиында кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салық көлемі, әкімшілік айыппұлдарды толығымен және уақытылы өндіру, жылжымайтын және жылжымалы мүлікті салық салу объектісі ретінде базаға тіркеу, инвестиция көлемін ұлғайту жолдары талқыланды. Сондай-ақ, аудан бойынша салық базасын кеңейту үшін нақты жұмыстар атқарылып, ұсыныстар әзірленетін болады.

Аудан басшысы мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

©️ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 наурыз 2024 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 937
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930