» » Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа заң жобасы қабылданды

Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа заң жобасы қабылданды

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдауды және мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіруді тапсырған болатын.
Қаржы министрлігімен әзірленген Заң жобасы Парламент Мәжілісі және Сенатымен мақұлданып, 2024 жылдың 1 шілдесінде қабылданды.

-Жаңа Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді. Жаңа заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне берген ақпаратында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.

Айта кетейік, қараша айынан бастап Жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында барлық аудандардың тапсырыс берушілері үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан семинар-кеңестер ұйымдастырылуда.

Фото: BAQ.KZ
12 қараша 2024 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031