» » Мемлекеттік сатып алу саласында өзекті мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік сатып алу саласында өзекті мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізілді

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырылуымен мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер мен өзекті мәселелерге қатысты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, облыстық басқармалардың қызметкерлері, қала және аудан әкімдіктеріне бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының және ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа нормаларға, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуына және басқа да өзекті мәселелер тақырыбында хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берді.
Атап өту керек, Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №225 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер, яғни конкурстық баға ұсынысына әсер ететін қосымша өлшершарттар енгізіліп, аталған норма 2023 жылдың
22 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді.
Оның біріншісі, егер әлеуетті өнім беруші облыс аумағында тіркелсе, оған веб-порталмен автоматты түрде 1,0% шартты жеңілдік қосылатын болады.
Нәтижесінде, жеңімпаздарды анықтауда жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріледі.
Бұл, басқа аймақ өнім берушілерінің жеңіске жетуін және жұмыс көлемін қосалқы мердігерге беруін азайтады, сондай-ақ өңірге салық түсімдерін көбейтеді.
Аталған өлшемшарт тек сомасы 1 млрд. 380 млн. теңгеден
(400 мың АЕК-тен) аспайтын құрылыс-монтаждау мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, абаттандыру т.б.) мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Екіншісі, әлеуетті өнім берушіде ағымдағы қаржы жылында жасалған әрбір мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуында болғаны үшін жалпы шартты жеңілдіктен 0,1% шегеріледі.
Нәтижесінде, өндірісінде аяқталмаған шарттары бар мердігерлердің жеңімпаз болу мүмкіндігі азаяды.
Бұл, жұмыстарды немесе қызметтерді әлеуетті өнім берушілер арасында тең бөлуге және өз мерзімінде орындауға ынталандырады.

31 наурыз 2023 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031