» » «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын талқылау бойынша семинар өтті ⠀

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын талқылау бойынша семинар өтті ⠀

qarmaqshy-tany.kz Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы талқылау бойынша семинар өтті.
Заң жобасын кеңінен талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, пікір алмасу мақсатында аймағымызға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің бас сарапшысы Мәжіков Қасымхан Ерахметұлы және де ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жобалық сарапшысы Зертүймеев Қанатбек Айтбекұлы келді.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев,облыстық экономика және қаржы басқармасының және облыстық мемлекеттік басқармасының мамандары, Жалағаш, Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарына қарасты барлығы 73 кент пен ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ жобасының сарапшысы Қанатбек Зертүймеев оқу-тәжірибелік семинарының маңыздылығына тоқталды. Ал, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің бас сарапшысы Мәжіков Қасымхан Ерахметұлы баяндама жасады. Ол Парламентке ұсынылған «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының жобасын семинар қатысушыларына баяндады.
Бұдан бөлек, IV деңгейлі бюджеттің енгізудегі бюджеттік процестер, кіріс көзін болжамдау және орындалуы, оның ішінде бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін басқару туралы облыстық басқармалардың мамандары хабарлама жасады.
Семинар барысында қатысушылардың толғандырған сауалдарына мамандар жауап беріп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, семинарда аталған жоба жайында және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша кеңінен ақпарат беріліп, жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау шеңберінде кіріс базасын ұлғайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету сынды бірқатар мәселелер айтылды.

02 наурыз 2023 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031