» » Ауданда «Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті

Ауданда «Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті

qarmaqshy-tany.kz Аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбында Қармақшы ауданында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар кеңеске облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының, Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасының өкілдері және Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппаратының, аудандық бөлімдердің, ауылдық округтердің, кенттердің, мәдениет үйлері мен клубтардың басшылары мен есепшілері, сонымен қатар, ауданның аумағында орналасқан бюджеттік ұйымдардың (білім бөлімі, мектептер, балабақшалар, орталық аурухана, спорт мекемелері) басшылары мен қаржы жөніндегі жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық мемлекеттік сатып ау басқармасының, қаржылық бақылау органдарының өкілдері баяндама жасады.
Семинар кеңесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту болып табылады.
Семинар кеңес қорытындысымен есепші мамандарды арнайы курстардан оқытып біліктілігін арттырып отыру бойынша ұсыныс мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына тапсыру ұсынылды.

11 наурыз 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930