Құрылтай
» » Қармақшыда құқықтық оқыту жұмысы жүргізілді

Қармақшыда құқықтық оқыту жұмысы жүргізілді

ЖОСАЛЫ, 28 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлының төрағалығымен құқықтық оқыту семинары өтті, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Құқықтық семинарға кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен заңгер, есепші мамандары және тиісті бөлімдердің басшылары қатысты. 2020 жылдан бастап аудандағы халық саны екі мыңға жетпейтін қалған 6 ауылдық округ әкімі аппараттарына Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай, Жаңажол, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Дауылкөл жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті беріледі.
Осы ретте өткізілген шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу шаралары аясында алдағы уақытта орын алуы мүмкін кемшіліктерді болдырмау және алдын алуға бағытталған.
Семинар барысында ауданға арнайы келген Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Әуелбек Исаев, Қызылорда облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Нұрсұлу Арзықұлова және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Акбар Мәріп және Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының жетекші маманы Болат Әбітаев құқықтық - нормативтік актілердегі өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.
28 қараша 2019 ж. 1 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 059

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31