» » Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті


Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ауданымыздағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен кент ақсақалдары мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық тудыратын қылмыстарға қарсы жұмыстардың қалай жүргізілетіндігі, сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша қолданылатын шаралар туралы сұхбат жүргізілді.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңнамалық шаралар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендетуге бағытталғаны атап көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты қағидасы – қылмыстық фактілерге бей-жай қарамау және көз жұмбау. Сыбайлас жемқорлық біздің өміріміздің әлеуметтік нормасына айналмауы тиіс.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдарында тұрғындармен жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді шаралардың жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді.

Кездесуді қорытындылай келе кент ақсақалдары өздерінің ой –пікірлерін ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түсіндірме шаралары алдағы уақытта да алыс аймақтағы ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 тамыз 2019 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 554

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930