» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Сыбайлас жемқорлық – экономикасы мен әл-ауқаты артқан әрбір мемлекет үшін қауіпті кесел. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күні еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі нәтижелі жұмыс жүргізуде.
Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жыл басында бекітіліп, сала мамандарына ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы таныстырылып,осы Заң аясында атқарылатын шаралар мен әрбір қыз­меткердің құқығы және міндеті назарға алынған. Сонымен бірге, жоспарға сәйкес айына екі рет құ­қықтық оқулар ұйымдастырылады.
Бөлімге қарасты Ш.Төлепова атындағы ау­дандық мәдениет үйі, К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйі, орталықтандырылған кітапхана, тарихи-өлкетану музейі сияқты мәдениет ошақтарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мәдени-рухани шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, аудандық орталық және Төребай би, Алдашбай ахун ауылдық кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», Ақай ауылдық кітапханасында «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел», Тұрмағамбет ауылдық кітапханасында «Жемқорлық – ғасыр дерті», Төретам кенті кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – Нұрлы болашақ», Дүр Оңғар ауылдық кітапханасында «Жемқорлықсыз ел – өркениетті ел» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылса, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері командалары арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында КТК сайысы өткізілді. Сондай-ақ, аудандық тарихи–өлкетану музейінің ұйымастыруымен «Парасыз қоғам ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ау­дандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева және мәдениет саласы қызметкерлері қатысып, ұсыныс-пікірлері зерделенді.
Ауданда мәдениет саласы бойынша қызмет ететін 3 мемлекеттік қызметкер аудандық салық басқармасына табыстары туралы декларация өткізді.
Арыз-шағымға арналған жәшік арнайы орынға қойылған. Әрбір жеке тұлға үшін 2-16-07 «Сенім телефоны» жұмыс істейді.

Н.НАУРЫЗБАЕВА,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы.
09 қазан 2018 ж. 2 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031