» » Ауданда әдеп нормаларын сақтау жөнінде семинар кеңес өтті

Ауданда әдеп нормаларын сақтау жөнінде семинар кеңес өтті

Қармақшы ауданының әкімдігінде әдеп нормаларын сақтау жөнінде Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тарбақов Хамит Мұратұлының қатысуымен семинар кеңес өтті.
Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Еркебаев жүргізіп отырды.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен семинарға дербес бөлім басшылары мен мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты және ZOOM платформасында кенттер мен ауылдық округ әкімдері онлайн қосылды.
Семинар барысында сөз алған Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Мұратұлы мемлекеттік органдарда Әдеп кодексінің талаптары әдеп нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қатаң сақтаулары, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы, заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу туралы қатысушыларға түсіндіріп өтті.
Жиын соңында аудан әкімі апапартының басшысы Е. Еркебаев қорытындылап, арнайы келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін Хамит Мұратұлына ризашылығын жеткізді.
Алдағы уақытта да Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызметте қызметшілердің қоғаммен өзара қарым – қатынаста жоғары мәдениетін қалыптастыру, әдеп кодексінің талаптарын жете меңгерту бағытында түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.
Семинар аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тарбақов Хамит Мұратұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 маусым 2021 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 117

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930