» » Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті

Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті


Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Еркусаевтың төрағалығымен аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерімен ZOOM бағдарламасы арқылы Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті.

Семинар барысында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне күнделікті қызмет барысында моральдық – әдептілік нормаларын ұстануды, заңнамалық талаптарды бұзбау жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстары енгізілген.

Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік әкімшілік қызметшіде, келісім – шарт негізіндегі мамандар да жұмыс жасайды. Осы ретте Әдеп кодексін сақтау барлық қызметшіге ортақ болып табылады.

Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Еркусаев әрқашанда әрбір қызметкер қоғамдағы адамгершілікке жат әрекеттерден сақ болып, тәртіп пен жауапкершілікті үнемі назарда ұстау керектігін атап айтып өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 наурыз 2021 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930