» » Армандар орындалады, мақсатың айқын болғанда

Армандар орындалады, мақсатың айқын болғанда


Армандар орындалады! Бүгін осындай атаумен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ерекше форматтағы кездесу өткізілді.

“Армандар орындалады” жобасы аясында №105 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада №105 мектеп-лицейін бітіріп, әр түрлі салада қызмет жасап, жоғары жетістікке жеткен мамандарымен кездесіп, сұхбат құрды.

Онда адам арманының құндылығы, мәні мен оған жету жолдары жөнінде әңгімеленді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Кездесуге Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Н.Шаймаханов аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев және №105 мектеп-лицейінің түлектері «Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары» Раева Күлжауһар Төлегенқызы мен Серкешбаев Алпысбай және белгілі сазгер композитор Жарқынбек Тұрымбетов арнайы қатысты.


Кездесуді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов ашып, арнайы кездесуге келген қонақтарды таныстырып өтті. Мектеп психологы А.Шайхиева 8-10 сынып оқушыларына арнайы дайындаған тренингі өткізіліп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Н.Сайлауов кездесуді жүргізіп отырды.


Сонымен бірге 8 сынып жетекшілері А.Баймаханова мен А.Берікбаева кеш қонақтары жайлы дайындаған бейнеролик пен слайдтарын көрсетті. Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар келген қонақтарға сауалдарын қойып, ұсыныстарын да ортаға салды. Естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

26 қараша 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930