» » Құқықбұзушылық мәселесі талқыланды

Құқықбұзушылық мәселесі талқыланды

Сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиын өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев, аудан ардагерлері, білім, полиция бөлімдерінің қызметкерлері, белсенді жастар мен оқушылар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары қазіргі қоғамда жастар арасында жиі кездесетін лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), нашақорлық, зорлық-зомбылық, буллинг, вейп және электронды темекі сияқты келеңсіз құбылыстардың зиянды салдарын атап өтіп, олардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін, сондай-ақ жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу арқылы бұл проблемаларды шешуге болатынын айтты.
Облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы жастар арасында деструктивті діни ағымдарының таралуына алаңдаушылық білдіріп, мұндай мәселелерді шешуде ұлттық тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен білім саласының ардагері Дастанбек Мырзабекұлы саналы ұрпақ тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігі мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың өзектілігін ерекше атап өтті.
Басқосуда аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қуандық Бейбітұлы жастар арасында топтық төбелестің алдын алу және құқықбұзушылықты азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, жастарды теріс әрекеттерден қорғау және олардың саналы әрі тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін баршаға ортақ күш-жігер қажет екенін баса айтты.
«ҚТ» ақпарат
24 қараша 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031