Құрылтай
» » Ысырапшылдық – қоғам дерті

Ысырапшылдық – қоғам дерті

Қармақшы ауданында «Ысырапшылдық – қоғам дерті» тақырыбында діни-танымдық конференция өтті. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев, аудандағы ру басылар, кент және ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары мен әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты.

Конференция барысында «Ысырапшылдықтың үкімі» тақырыбында облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев, «Жаназа, жерлеу және ас беру рәсімдеріндегі теріс түсініктер мен ысырапшылдық» тақырыбында ауданның бас имамы Рахат Қожанов баяндама жасады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков Қармақшы халқына «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» атты үндеуді жолдады.

Конференция соңында аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров халық тарапынан қойылған ұсыныс-пікірлер мен сұрақтарға жауап беріп, конференцияны қорытындылады.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 ақпан 2024 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 064

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31