» » Мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығы: «Елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен қайраткер» атты танымдық конференция өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығы: «Елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен қайраткер» атты танымдық конференция өтті


qarmaqshy-tany.kz Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткеннің өнегесі бүгінгінің баға жетпес байлығы деген ұлағатпен ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығына орай «Елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен қайраткер» атты танымдық конференция болып өтті.

«Қыран тағдырлы тау мүсін» атты көрмемен бастау алған конференцияға облыстық мәслихат төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар Ермағанбетұлы мен қоғам қайраткері, баласы Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары алғысөзінде: «Әр дәуірдің өзінің жарық жұлдыздай шоқтығы биік тұлғалары бар. Өткен ғасырдың орта тұсынан бері ел басқарған азаматтардың бір шоғыры халыққа жасаған еңбегімен ел жадында сақталып, тарих бетіне өз есімдерін алтын әріптермен, маңдай терімен жазып кетті. Солардың ішінде өзінің адалдығымен, әділдігімен, адамгершілік қасиеттері, парасат-пайымы, қажыр қайратымен ел аузында қалған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың есімін айрықша атаймыз. Бар өмірін Сыр бойының өркендеуіне арнап, адалдық пен туралықты ғұмырының Темірқазығы етіп өткен үлкен өнеге иесі Қонысбек Қазантаев – қалың елдің қамын жеген қабырғалы қайраткер»-дей келе, ел басқарған ақжүрек азаматтың өмір жолына, игі істеріне тоқталды.

Тағылымға толы танымдық шараны аудандық мәслихат төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы жүргізді. Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы «Дәуір тудырған тұлға» тақырыбында баяндама жасады.

Мұнан соң сөз алған Наурызбай Сейтқалиұлы мен Асқар Ермағанбетұлы қайраткердің ел мүддесі жолындағы еселі еңбектерін саралай келе кейінгі буынға арда ағаның өмір жолынан үлгі алуды ұсынды.

Конференцияның қорытындылау сөзінде қайраткердің ұрпағы Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы өсер елдің өнегелі ұрпағы тұрғанда ұлтын сүйген рухы биік қайраткер Қонысбек Қазантаевтың есімі мәңгі ұмытылмайтынына көзі жеткенін айтып, Қонысбек Төрешұлының бітім-болмысын, халқы үшін жасаған қызметін, өткеннің ісін бүгінге жеткізетін тағылымға толы жиынды ұйымдастырушылар мен жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қараша 2023 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031