» » Редактор Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай конференция өтті

Редактор Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай конференция өтті

Бүгін «Достық» үйінің мәжіліс залында «Сыр баспасөзіндегі 1960-1980 жылдар: редактор Қалқабай Әбеновтің рөлі» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Модератор облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Қаламгер-қайраткер Қалқабай Әбеновтің өмір жолы мен қайраткерлік қарымы» тақырыбында баяндама жасады. «Журналистік шеберлік және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев баяндады. Ал «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиал төрағасы «Сыр бойы» газеті және деректер дәйегі тақырыбында редактор еңбек еткен жылдардағы тарихи оқиғаларға тоқталып, оған қосқан редактордың үлесін айрықша атап өтті.
Облыстық тарихи өлкетану музейі қор бөлімінің меңгерушісі Аманкүл Нұржанова «Қ.Әбенов музейде болған жылдар» тақырыбында өткен күндерден ерекше сәттерді ортаға салды.
Басқосуда қаламгер Қ.Әбенов туралы ардагер-журналист, Қазақстанның Құрметті журналисті Қайырбек Мырзахметұлы, қоғам қайраткері Шәкізат Төребаев естеліктерімен бөлісті.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
29 қазан 2022 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 349
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728