» » Ғасыр анасына – 85 жыл

Ғасыр анасына – 85 жыл

ОСЫДАН ТУРА БІР ЖЫЛ БҰРЫН СУЫҚ ХАБАР ЕҢСЕМІЗДІ ЖАНШЫЛАП ЕДІ. ИӘ, ТУРА БІР ЖЫЛ БҰРЫН СЫР ЕЛІ – СӘЛИМАСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ. ОЛ ЗЕРДЕЛІ ҒҰМЫРЫНДА ТАЛАЙ БЕЛЕСТЕРДІ БАСТЫ. ТАЛАЙ-ТАЛАЙ АСУЛАРДАН АСТЫ. ДАЛА ТӨСІНДЕ ТЫНЫМСЫЗ, ӨНІМДІ ЕҢБЕК ЕТІП, КҮРІШІН БАПТАДЫ. ӨТКЕН ЖҰМАДА СОЛ БАТЫР АНА, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ СӘЛИМА ЖҰМАБЕКОВАНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
Жиынға аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламенті Сена­тының депутаты Ақмарал Әлназарова, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Бишім­баев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Фатимабибі Дәулет, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының Президенті Абзал Ералиев, мемлекет және қоғам қайраткері Рзақұл Нұртаев пен еңбек озаттары, ғалымдар мен жазушылар қатысты. Конференцияны облыстық мәслихат хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов жүргізіп отырды. Онда ол бар несібесін еңбектен тапқан Сәлима Жұмабекованың қай­раткерлігі мен еңбек жолын қозғады.
Одан соң облыс әкімі Сыр елінің Сәлимасының елдің ырыс-несібесін молайтудағы елеулі еңбегін, қа­ра­пайымдылықты ту еткен өмірлік ұстанымын атап өтті.
– Тағдырдың талай тауқыметіне қазақ әйеліне тән қайсарлықпен, тө­зімділікпен қарсы тұрған «Ғасыр­дың Батыр Анасы» талай сынақты басынан өткерді. Сауыншы да, бақташы да болды. Алайда еңбегінің мәнін күріш алқабынан тапты. Ең қиыны, өмірлік серігін де күріш алқабында мәңгіге жоғалтты. Ерінің жұмыс кезінде қайғылы қазаға душар болғанына қарамастан, отырып қалмай бір қолымен сәбиін, бір қолымен Сыр маржанын қорғаштап, ерлермен бірдей иық тірестіре еңбек етті. Ұрпағымен бірге көркейіп, төккен тердің, еткен еңбектің, зейнетін көрді. Ел мен жерге жасаған қалтқысыз еңбегі өзін ұшар биікке көтерді, шексіз алғысқа бөледі. Сөйтіп, халқымыздың мақтан тұтар аяулы аналарының біріне, тіпті бірегейіне айналды, – деді аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.
Жиында ғасыр анасының бейнесі, қайраткерлік жолы, қайраткер әйел бейнесі мен абзал ананың ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанымы жан-жақты айтылды. Техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов қайраткер тұлғаның өмірлік жолдағы жанкешті еңбегін тілге тиек етсе, педагогика ғылымдарының док­торы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Сайлыбаев «Ерлікке толы ғұмыр» тақырыбында ой қозғады. Одан соң әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Фатимабибі Дәулет қазақ фольклорындағы ананы жоқтау өлеңдерінің стильдік ерекшеліктерін атап өтті. Ал құрметті қонақтар Уәлихан Бишімбаев, Абзал Ералиев, Рзақұл Нұртаев, Нұржан Пірмантаев Сәлима ананың ғибратты ғұмыр жолындағы ерекше естеліктерімен бөлісті.
Айта кеткен жөн, сол күні Сәлима Жұмабекованың 85 жылдығына орай оның есімін ұлықтау, ұрпақ жадында сақтау мақсатында өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылып, мұражай-бөлмесі ашылды.

Айнұр ӘЛИ
30 наурыз 2021 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031