Зағип жандармен кездесу өтті
«Жастар ресурстық орталығында» Наурыз мерекесі қарсаңында санитарлық талаптарды сақтай отырып зағип және нашар көретін азаматтармен кездесу өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева арнайы қатысып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров зағип және нашар көретін азаматтар қоғам назарынан ешқашан шет қалмайтыны жеткізіп, әрқашанда тиісті заңдылықтар аясында қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева сөз сөйлеп, Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Зағип және нашар көретін жандарға мемлекеттің қолдауын жеткізіп, сауықтыру шараларын жүйелі ұйымдастыруда және олардың әрдайым қоғаммен бірге болуға белсенділігін арыттыру бағытында сала мамандары бірқатар бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Ауданымыздағы зағип жандарға қолдау көрсетіп көру қабілеті зақымданған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін әртүрлі спорттық жарыстарда кентіміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыстырылып, жүлделі орындарды иеленуі олардың өмірге деген құлшынысын дәлелдейді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі