» » ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өмір бір орында тұрмайды. Ұрпақ алмасады, бір толқынды келесі бір толқын алмастырады. Сол секілді бүгінгі жас – ертеңгі елдің тұтқа ұстары. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, қашан да мемлекет үшін адам және оның өмірі басты байлығы есептелген. Біреудің өміріне біреудің қол сұғуына жол жоқ. 
Жақында аудандық ардагерлер кеңе­с­інің ұйымдастыруымен келелі басқосу өтті. Оған ардагерлер, үкіметтік емес ұйым, дін өкілдері, құқық органы қызметкерлері мен жастар қатысты. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов жүргізіп, аудандағы жастар тәрбиесін әңгіме өзегіне айналдырды.
Басқосуда сала ардагерлері Сәдуақас Шалабаев, Жахан Тоқтаров, Зал Шаймерденов, Есет Назарқұлов, Дәмелі Жалғасбаева, Ордабек Өткелбай, Асқар Мереков, Сақтапберген Медеуов, Иса Бисеновтер жастар тәрбиесіне қатысты пікірімен бөліссе, «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаев, ау­дандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғарышбек Нысанбаев, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим өз ұсынысын ортаға салды. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Шоқан Ибраев, аталған бөлімнің тергеу жөніндегі орынбасары, полиция майоры Жеңіс Ұзақбаев жастар арасындағы қылмыстық жауапкершіліктің алдын алуда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
16 сәуір 2019 ж. 1 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031