Ұрпақтар сабақтастығы
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық «Жастар ресурстығы» орталығы КММ –де ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дамыту бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау мақсатында аудан ардагерлері мен жастары арасында кездесу болып өтті.
Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, Қармақшы ауданының құрметті азаматтары Ү.Досымов, Ә.Ұзақбаев, А.Пірімжаров, Ж.Сержанов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жакеев, Выетнам соғысының ардагері И.Бисенов, №5 Өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары Р.Альмерденов, Төтенше жағдайлар бөлімінің аға лейтенанты Е.Ешмағанбетов, «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова және «Жастар ресурстық» орталығы мамандары қатысты.
Кездесуді аудандық мәслихат депутаты К.Раева ашып «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында, жас буын алдыңғы буын ағалармен кездесіп, өзара келісіммен татулыққа, өткеннің өнегесін келешек ұрпаққа баянды ету болып табылатынын айтып өтті. Шарада алғаш болып сөз алған Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жакеев және Выетнам соғысының ардагері И.Бисенов тарихтың толқындарын таразылаудан бастап «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы барлық адамзаттың тебіренуіне түрткі болды. Бір сөзбен айтқанда бұл жоба жастарды ояту секілді, олардың білімді, тәжірибелі болу керектігін алға тартатынын жеткізді. Сонымен қатар аға буын өкілдері жастармен тілдесіп тәжірибе алмасса, жастар жағы да өз белсенділіктерін көрсете отырып, үлкендерге күш қуат сыйлайтынын жеткізіп, аға буынға уақыттырын бөліп келгендері алғыстарын білдіріп, зор денсаулық тіледі. Сонымен қатар жастардың қазіргі таңдағы белсенділігі мен патриотзмі және ерікті жастар туралы сөз қозғалып, №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері рухани дамыған заманда тәрбиленген ұрпақ міндетті түрде мемлекетіміздің дамуына қызмет етеді деп білемін дей келе жазғы маусымдағы суға кету мәселесіне тоқталып өтіп, осы тұрғыда алдағы уақытта бірігіп жұмыс жасауға жастар ұйымдары мен өкілдерін шақырды.
Пікір 1