» » Маандықтың да озығы бар

Маандықтың да озығы бар

Фото
Бұрынғыдай емес, бүгінгі технология түрленген дәуірде мамандыққа деген сұраныс та өзгереді. Осыдан біршама уақыт бұрын гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға сұраныс артқан. Ел ішінде ұстаз боламын дегендер көп еді. Ал қазір технологиялық бағыт – басым. Бұл – мамандық таңдау бір тенденцияда тұрмайды деген сөз. Өткенді ескеріп, алдағы кезеңге көз жүгіртсек, мамандық таңдау жайын шамалауға болады.
Мамандық саласын зерттеушілер 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандықты нақтылап қойған. Олардың бірі – екі мамандықтың бірігуінен туындаған ІТ-дәрігер деген мамандық. Қазір блогерлер, SMM-менеджерлер дейміз. Оларды ешкім оқытпайтын да. Ал солардың басын біріктіретін «Тренд бақылаушысы» деген кәсіби бағыт дамуда. «Биоинженер», «Деректер талдаушысы» немесе «Dataаналитик» деген мамандықтар сұранысқа ие болмақ. «Урбанист-экологтарға» да сұраныс жоғарылап келеді екен. Бұрын тек архитекторлар жұмыс істесе, қазір экологияны бірге алып жүретін гибрид мамандық пайда болды. «Жоба менеджері», «жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы маман» деген сияқты жаңа бағыттар дамымақ.
Сарапшылар да 2025 жылы осы маман дықтарға сұраныстың артатынын айтып отыр. Әр адам мамандықты өзі таңдауы қажет. Мамандығына жан-тәнімен берілген, білікті маман – қашанда сұранысқа ие. Өкінішке орай, ата-ана мен танысының айтуынша оқуға түсіп, басқа салада жұмыс істеп жүргендер айналамызда жиі кездеседі. Мамандығымен жұмыс істегеннің өзінде, оған разы емес. Нәтижесінде, істеген ісінен береке кетеді.
Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Бірқатар мектепте кәсіптік бағдар беру іс-шаралары дұрыс жолға қойылған. Ерте бастан 9 және 11 сынып түлектерімен пікірлесу барысында шәкірттің қандай салаға бейім екенін бағдарлайды. Сол арқылы қажетті ақпараттар бере оты рып, жас түлектің бағытынан жаңылмай дұрыс мамандық таңдауына ықпал етеді.
Ал биыл сұлулық салоны мамандары, психолог, дерек талдаушы, логист, дәрігер, фитнес жаттықтырушысымен қатар, подкаст жүргізушісі ретінде журналист мамандар да сұранысқа ие. Мәселен, бір ғана логист маманы. Онлайн сауда барысында алған тауардың дұрыс жетуін қадағалайтын, әрі жеткізу қызметін көрсететін осы жеке логист мамандар. Алайда, уақыт сұранысына сай деп жаппай бір салаға кетіп қалу да мүмкін емес. Біздің елде инженерия, химияэнергетика, агроөнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық мамандары тапшы екенін де естен шығармаған абзал. Дегенмен ерте кезден келе жатқан, бүгінде маңызын жоғалтпаған, болашақта да сұранысын жоғалтпайтын мамандықтар жоқ емес. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, олардың көшін мұғалім және дәрігер мамандары бастап тұр екен. Кейбір өңірлерде бұл мамандар әлі де жетіспейді.
Бүгінгі жастардың басым бөлігі 9-сынып тан бастап-ақ болашақ мамандығына қам жасап, «Қай мамандықты таңдасам болады?» деген сансыз сұрақпен бетпе-бет келері сөзсіз. Иә, мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды қадам. Әрине дұрыс таңдай білсе. Мамандықтың озығы бар, тозығы бар… Бастысы – жанның қалауы.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
21 қараша 2024 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031