» » Бұрынғы билер соты – бүгінгі медиация

Бұрынғы билер соты – бүгінгі медиация

Медиация – тараптар даулы мәселелерді өзара келісіп шешетін шара. Ортақ шешімге келуге судья емес, «медиатор» деген маман көмектеседі. Келісімге келсе, тараптар өзара жазбаша келісім шартын жасасады.
«Даулы ауыл – көршілес» деген сөз бар ел арасында. Сондықтан болар, қазақ ауылдарында ақсақалдар алқасы, билер, ру ағалары екі ауыл арасындағы немесе екі адам арасындағы дауларды шешіп отыратын ауыл ұйымдары болған. Бүгінгі заманауи тілмен айтқанда, оларды «медиаторлар» дейміз.
Медиацияның ерекшелігі – адамдардың позициясына емес, жеке мүдделеріне назар аударады. Қатысушылар медиация барысында өз бетінше анықтайды, ал медиатор оларды бақылайды. Тараптар арасындағы қарым-қатынасқа назар аударылады. Негізгі міндеті екі жақтың бір-бірін тыңдауы, бұл қатысушыларға өзара түсіністікке келуге көмектеседі. Қатысушылар, болып жатқан жайтқа өз көзқарастарын білдіреді, бірте-бірте келісімге келеді. Отбасылық жанжалдарды шешуге, қиындықтарды жеңуге және балалармен қарым-қатынасты сақтауға отбасына бағытталған медиация деген бағыты бар. Жалпы медиатордың міндеті – татуластыру емес, тараптардың өздерінің татуласуына алып келетіндей жағдай жасау.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, дауласушы тараптардың дау бойынша жүгінетін тұлғаны өз еріктерімен таңдауына және даудың тез шешілуіне мүмкіндік береді. Дау бойынша сотқа жүгіну немесе медиация тәсіліне жүгіну құқығын пайдалану әр адамның өз еркі.
Қазақстанда кез келген адамның медиацияға жүгінуге құқы бар. Бірақ бұл медиация арқылы кез келген дауды шешуге болады деген сөз емес. Медиация тек еңбектегі, отбасындағы және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дау ларды шешуге, онша ауыр емес, орташа ауыр және кейбір жағдайда ауыр қылмыстық істі шеше алады. Алайда қылмыстық істі медиацияның көмегімен шешу үшін алдымен сотқа бару керектігін ұмытпаған жөн.
Медиация – бітімгершілікке бастайтын, дауларды сотқа дейін шешуге ықпал ететін айрықша қызмет. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесінде медиация қызметі қазақ даласындағы дана қариялар мен билер дәстүрінің жалғасы ретінде қалыптасқан, әр уақытта да сабырлы болуға және ел бірлігін сақтауға үндейтін бабалар ғұрпы әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ деуге толық негіз бар.
Р.БИСЕНОВА,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы
20 қараша 2024 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031