» » Ортақ келісімге келу пайдалы

Ортақ келісімге келу пайдалы

Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі  және де медиация институты әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қолданылады. «Медиацияның негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін шешу тетігі ретінде қоғамдық медиация институтын алға жылжыту, медиация институтын пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді, дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін беделі бар және құрметке ие қоғам көшбасшылары қатарынан медиаторларды қалыптастыру, даулар мен келіспеушіліктерді шешуге кәсіби емес және кәсіби медиаторды, қоғамдық белсенділерді тарту болып табылды.
«Медиация туралы» Заңның қолданылуы даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу. Тараптар үшін дауларды медиация жолымен шешу өте тиімді. Оның тиімділігі сол – сотқа өтініш беру барысында мемлекетке төленетін баж салығы толығымен кері қайтарылады. Сондай-ақ, тараптар медиативтік келісімді талқылау барысында шағым талабынан ауытқып, соттың көмегімен дауға қатысы бар, бірақ іске кірістірілмеген өзге де жауапты тұлғаларды шақырта алады.
Медиаторлардың және судьялардың қатысуымен медиация рәсімдері сәтті қолданыла отырып, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер  жүргізіліп, аяқталған, бұл дегеніміз - дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізуді білдіреді.
Медиация институты қазақ халқы үшін жаңа ұғым емес. Қазақ хандығының билері барлығы үшін пайдалы және қарапайым қызметпен, яғни татуластырушылықпен айналысқан және бұл адал және нәтижелі татуласу болған, билер өздерінің бір ғана сөзімен шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған, сонымен қатар өз әділдіктерімен елге сыйлы, танымал бола білген.
Е.Мәтжанов,
       Қармақшы аудандық сотының сот
әкімшісінің басшысы 
28 наурыз 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 114

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 248

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930