» » Мәміле – сыйластықты сақтайды

Мәміле – сыйластықты сақтайды


2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» заң қабылданды. «Медиация» деген сөз латынша екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарап болу деген мағынаны білдіреді. Медиация ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру жолында қолданылғаны мәлім.
Тарихқа көз жүгіртсек, тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған түрлі дау-жанжалдарды билер әділ шешіп отырған. Тараптары мәмілеге келтіру арқылы даудың өршуіне жол бермеген билердің беделіне, шеберлігі мен шешендігіне қайран қаласың.
Қазіргі таңда медиация дау-жанжалға қатысушылардың біріге отырып пайда болған келіспесушілікті шешуші. Қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-баба тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамдардың бірі, оның тиімділігі қай жағынанда мол.
Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.
Медиацияның тиімділігі жөнінде тағы бір ескере кететін жәйт-шешімнің орындалу деңгейі жоғары болмақ. Медиация азаматтар арасындағы қарым -қатынаста талас- тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың қарым -қатынас мәдениетінің, этикасының жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкеледі деген сенім тудырады.
Медиацияда басты мүдде еркіндік болып есептелінеді. Тараптар біреудің мәжбүрлеуі арқылы емес, өздерінің татуласуы және бір мәмілеге келуі арқылы келісімге келеді.
Медиацияның негізгі мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді және қолайлы бейбіт келісімге келу.

Қ.ЕСХАНОВ
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы
14 шілде 2021 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930