» » Тәрбиенің басты құралы

Тәрбиенің басты құралы



Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен дамытуға негіз болды. Бұл тілдің саяси және мәдени тұғырын қалыптастырып, ұлттың бірлігі мен татулығының кепілі екенін түсіндіреді. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту арқылы біз өз тәуелсіздігімізді нығайтып, әлем алдында ұлттық болмысымызды танытуға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанда көптеген этнос өкілдері тұратындықтан, тіл мәселесі әлеуметтік өмірдің маңызды бір бөлігі болып отыр. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру елде тұратын барлық ұлт өкілдерінің арасында бірлікті нығайтып, ұлттар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа деңгей алып келеді. Бұл тұрғыда қазақ тілін білу әрбір азаматтың жауапкершілігі болып табылады.
Тіл  – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясын және оның қоғамдық өмірдегі орнын кеңейту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекеттік қызметте, білім беру саласында, БАҚ пен мәдениетте қазақ тілінің қолданылуы – ұлттың болашағына жасалған қадамдардың бір бөлігі. Ауданға қарасты өзге ұлт өкілдері мекендейтін ІІІ Интернационал ауылы тұрғындарының қазақ тілін тереңірек меңгеруге талпынысы жоғары. Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыратын тегін тіл үйрену курстарына жазылып, қазақ тілін меңгеріп жатқандары қуантады. 
Тілдің ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі орасан зор. Қазақ тілі барлық этнос өкілдерін ортақ құндылықтармен байланыстырып, олардың өзара түсінісуіне мүмкіндік береді. Елдегі түрлі этникалық топтардың арасындағы достық пен ынтымақтастықтың негізі де тілде жатыр. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі осы процестің алға басуына ықпал етеді. Әрбір азаматтың қазақ тілін үйренуі, оны құрметтеуі – ұлттың бірлігі мен болашағына қосқан үлес болмақ.
Бүгінгі таңда Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасқанын ескере отырып, тілдік саясат тек қазақ тілімен шектелмейді. Елде тұратын әрбір этностың өз тілін, мәдениетін сақтауға және дамытуға мүмкіндігі бар. Бірақ, мемлекеттік тілдің рөлі ерекше, себебі ол елдің тұтастығы мен халықтың ортақ келешегіне негіз боларлық тіл болып табылады.
Тіл мен тәрбие екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақ тілінде берілетін тәрбие ұлттың рухани байлығын, дәстүрін, тарихын насихаттаумен қатар, жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырады. Ана тілде тәрбиеленген жас ұрпақ өзінің ұлттық болмысын, мәдениетін бағалай біледі. Осы арқылы ұлттың болашағына негіз қалайды.
Қазақ тілі мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ түрлі мәдени шараларда оқытылып, жастардың өмірінде басты орын алуы тиіс. Тіл арқылы біз ұрпаққа өз мәдениетімізді, тарихымызды танытып, олардың санасында ұлттық құндылықтарымызды терең ұялатамыз.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
Қызылорда облысы Тілдерді оқыту орталығының
Қармақшы ауданындағы мемлекеттік тіл оқытушысы
10 қараша 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031