» » Тіл – Ұлттың нәр алатын тамыры

Тіл – Ұлттың нәр алатын тамыры

Тәуелсіздік алғалы бері қоғамның қызу талқысының арқауына айналып келе жатқан мәселелердің бірі-тіл мәртебесі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күннен бастап көтеріліп келеді. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы тіл екені даусыз.
Заңға сүйенсек,мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Заң талабы бойынша, сот ісі сотқа құжат берілген тілде жүргізіледі. Әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізіледі. Әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауаптар беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының  қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі.
Тіл  тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол-ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы мен міндеті.
Тіл­­­ қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашанда биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу үшін, ең алдымен, тілді білуге деген қажеттілік туындауы керек деп ойлаймын. Екіншіден әрбір адамға тілді үренуге деген ниет пен білім қажет. Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу – ең қымбат, ең асыл қасиеттердің бірі. Қазақ тілінің мәртебесіне сызат түсірмеу баршамыздың жұмыла көтерген жүгімізге байланысты.                                                                                                                    
«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық мәнді интеллегент деуге болмас. Сол себепті еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек, әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.
 Қармакшы аудандық сотының
жетекші маманы Б.Айжарықұлы
14 қыркүйек 2022 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031