» » Мемлекеттік тілді құрметтейік

Мемлекеттік тілді құрметтейік

  ЖОСАЛЫ, 26 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Қазақ тілінің мәртібесі Қазақстан Республикасының тіл туралы заңында, Конституцияда баяндалып, ол мемлекеттік тіл ретінде танылған. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған Тіл туралы заңы, Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы заңнын 4 бабы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Осыған орай мемлекет қазақ тілін, қазақстан халқының тілдерін оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасайды.
     Қазақстан Республикасының сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Сонымен қатар тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін заңға сәйкес жауаптылық та көзделген.
   Мемлекет басшысы бекіткен, тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша 2010 жылы барлық мекемелердің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу міндеттелгені белгілі. Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша сот саласында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу сол кезеңде толық аяқталды. Елбасының жолдауында қазақ тілін меңгергендердің қатарын 2017 жылы 80 пайызға, 2020 жылы 95 пайызға көтеру қажеттігін және оған байланысты барлық жағдайлар жасалатындығын айытты.
Қармақшы ауданы сотында барлық іс қағаздар мемлекеттік тілде рәсімделіп жүргізіледі. Сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңын оқып үйрену семинар сабақтары өткізіледі. Құқық қорғау органдарымен прокуратура органымен, басқада мекемелеріменде іс қағаздарды мемлекеттік жүргізілуі жайлы дөнгелек үстелдер жоспар бойынша өткізіліп отырады. Сонымен қатар сотта мемлекет тілді дамыту жөніндегі құрылған бөлімше, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді қадағалау және мемлекеттік тілді дамытуға байланысты іс шаралар жүргізіліп келеді. Аудандық соттың заңды жүйелеу және әдістемелік кабинетінде, сот қызметкерлерінің күнделікті қызмет барысында қолдану үшін мемлекеттік тілдегі іс жүргізуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілген.
Тіл мәртебесінің қамтамасыз етілуі әрбір Қазақстан азаматына байланысты. Тіл мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, қазақпын деген әрбір азаматтың, жалпы қоғамның мәселесі болуі керек.

Л.Алибекова
Қармақшы аудандық сотының судьясы

26 желтоқсан 2019 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031