» » Тіл – халық қазынасы

Тіл – халық қазынасы

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Қай саланы алып қарасаңыз да, тіл – қарым –қатынас құралы, өткен мен бүгінді жалғастырушы. Қазақ тілі бабалар аманатының арқасында бүгінгі күнге жетті.
Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес  мұра екендігі белгілі.  Тіл – еліміздің ірге тасы,  Тіл – құдіреті ерекше. Оның бітпесті бітіретін , жетпесті жеткізетін үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Ендеше, оның халық мүддесін бұдан кейін де қалтқысыз қызмет етуін қамтамасыз ету кез келгеніміздің абыройлы міндетіміз.
Тіл-тек қарым-қатынас құралы ғана емес,ол-ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы,мәдениетіміздің биік тұғыры.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді тмеңгеру-Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы мен міндеті.
«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы.Өз тілін,әдебиетін білмеген,қадірлемеген адамды толық мәнді интеллегент деуге болмас.Сол себепті еліміз дамып,мемлекетіміз өркендесін десек,әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.Егер адам өзге тілді білетін болса,ол рухани бай адам.Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін,дәстүрін үйренеді,басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.
Сот төрелегін жүзеге асыру, соттардағы іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау және сот өндірісін мемлекеттік тілде өткізу – біздің азаматтық ұстанымыз. Бұл мәселеде сот саласына енген соңғы жылдардағы елеулі жаңалықтар мен реформалар қазақ тілінің мәртебесін арттырады, қолданыс көлемін ұлғайтады. Қазақ тілі кең көлемде қолданысқа ену арқылы мемлекеттік қызметтегі мәртебесін айқындады. Қазіргі таңда сотқа келетін істердің көбі мемлекеттік тілде рәсімделеді. Бұл сот билігі беделінің, жұмыс сапасының артқанын көрсетеді. Қазақ халқының рухани  негізі саналатын мемлекеттік тіл мәртебесі қай кезде де биік болуы тиіс. Тұғыры биік елдің - өрісі кең, тілі мәртебелі елдің - еңсесі биік.
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы – сот отырысының
хатшысы Т.Әмір
07 қыркүйек 2022 ж. 1 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930