» » Бала тәрбиесіндегі батырлар жыры

Бала тәрбиесіндегі батырлар жыры

Фото
Қазір бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажеттілігі айтылып та, жазылып та жүр. Айналамыздағы аумалы-төкпелі қоғамға қарап бір-ақ күнде берекесі қашып жатқан ұлттарды да көз көріп отыр. Осыдан кейін ұрпақты бірлікті сақтап, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, ұлтжандылықты бойына сіңірту бүгінгі күннің басты мәселесіне айналуда. Ол үшін бізге жаңалық ашудың қажеті жоқ. Тек өткенге көз жіберсек болғаны. Бұрынғы бабаларымыздың баланы ұлтжандылыққа қалай тәрбиелегенін зерттеп-зерделесек те көп нәрсенің беті ашылады.
Бертінге дейін ауыл қариялары жас балаларға батырлар жырын жаттатып, кешкі уақытта жыр оқытқызған. Сол жыр жаттап, жыр тыңдап өскен балалар бүгінде аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалға айналғанын өмір көрсетіп отыр. Батагөй, шежірешіл, сөзге шешен қай қариядан барып сұрасаңыз да, бала кездегі оқыған ертегі, естіген аңыздары, жаттаған жырлары өмір бойы рухани азық, бүкіл болмыс-бітім, мінез-құлық, ұлттық танымның қалыптасуына іргетас болғанын айтады. Ендеше ұлттық тәрбиенің қайнар көзі осы жырларда жатқанына еш шүбә келтіруге болмас. Қайта өшкенімізді жағып, өткен бабалардың осы бір тәрбиелеу тәсілін жаңғыртып, ертеңгіге асыл мұра етіп қалдыруымыз керек.
Қазақ халқы ат үстінен түспеген кешегі күндері ұл баланың бойында жылқы малына деген құрмет, оның қасиетті, құтты жануар, қала берді «ер қанаты» екенін жете түсіну маңызды болғаны даусыз. Кішкене күнінен естіп өскен жырлардағы тұлпарлар бейнесі баланың бойында осынау батырларға айнымас серік болған сәйгүліктерге сарқылмас ынтызарлықты оятады. Жырларда кездесетін адам мен жылқының етене жақындығын, тіпті тұтасып бір денедей болып кететінін сипаттайтын тұстар көшпенді қазақ даласының ұландарын жер жаһандағы ең үздік атты әскер етіп тәрбиеледі. Ал қазіргі кезде жауға атқа мініп шаппайтыны бесенеден белгілі, дегенмен атқа мініп өскен ер баланың жігерлі, намысты, қуатты болып өсетіні сөзсіз.
Тіпті атқа міну де терапия түрі ретінде танылып келеді. Қасиетті жануардың энергиясы адамға ерекше қуат сыйлап, шаршауын басатыны дәлелденіп, дамыған елдерде бұл ең пайдалы демалыс түрі саналады. Сондықтан дені сау ұрпақ өсіру үшін атқұмарлық қасиеті ешқашан өшпеуі, ұмытылмауы тиіс.
Отан қорғау, ел шетіне жау келсе, шеп құрып шекісу, қайрат көрсетіп, қаһарын таныту – ер жігітке парыз. Бұл парыз кешегі жаугершілік заманда да, бүгінгі бейбіт күнде де еркек кіндіктінің мойнынан түскен емес. Қай елде де солай. Сондықтан ер баланы ерлікке, батырлыққа бала күнінен тәрбиелеу бүгін де маңызын жойған жоқ. Қайта әлем елдері әскери қуатын арттырып, оған миллиардтап ақша төгіп жатқан қазіргі таңда бұл өте маңызды тақырыпқа айналғанын жасыруға болмайды. Сол себепті де ұл балаға ерте жастан ерлік ұғымын, бұрынғы бабаларының бұл ұлы жолда өшпес із қалдырғанын жете түсіндірген жөн.
Қазақтың батырлық жырларында елін қорғаған батырлармен қатар, олардың анасы мен жұбайлары да үлгі етіп көрсетілген. Олар батырларды жорыққа дайындаушы, намысы мен жігеріне дем беруші, ақылшысы және қамқоршысы ретінде көрсеткен.
Мәселен, «Қобыланды батыр» жырында Құртқа ақылды, сабырлы, көреген болып суреттеледі. Ол келген қиындыққа жасымайды. Керісінше батырға үнемі ақыл қосып, Тайбурылды баптап, жорыққа дайындайды, мұның барлығы батырдың қиындықтарды жеңіп шығуына себін тигізеді. Қазақ қыздарының жарына деген мұндай адал қызметін Ақжүніс пен Гүлбаршын, Назымдардың да басынан көруге болады.
Түптеп келгенде, батырлар жыры – рухани құндылықтың тамыры. Оның ішінде адал достық, ерлік, отансүйгіштік, жауға деген қаһар, жарға деген махаббат, туған елге-жерге деген сағыныш, табиғатқа деген құрмет, бәрі-бәрі бар. Сондықтан бала тәрбиесінде батырлар жырын оқытуды да қолға алған абзал.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
06 қараша 2024 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031