» » Ғалым еңбегі – тарих тағылымы

Ғалым еңбегі – тарих тағылымы

Серғазы Жиенқұлов есімі Байқоңыр өңірінде техникалық маман болып шығатын жастар өмірімен де тығыз байланысты. Ғарышкерлер қаласы атанған Байқоңырдағы Қазақстан стандартымен білім беретін, бүгінгі заман талабына сай техник-механик, техник-технолог, құрылыс технигі, құрылыс әрлеу жұмыстарының шебері, тігінші, байланыс технигі, турист агенті, турист нұсқаушы, автокөлік слесарі, автокөлік шебері және экономист-бухгалтер, заңгер-кеңесші секілді мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны – академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі. Иә, Серғазы Ахметұлындай ұстаздық биікке көтерілген жанның үлгісі шәкірттері мен жастар үшін өнеге болып қалатыны сөзсіз.
Жақында осы колледж абзал азаматты еске алу мақсатында «Артында өшпейтұғын із қалдырған...» атты онкүндік іс-шара ұйымдастырды.
Онкүндіктің алғашқы күнінде жалпы пән оқытушысы Гүлжазира Бәйтерекова «Оймен өрілген ғұмыр» тақырыбында колледждің 1-ші курс студенттеріне академиктің музейін таныстырып, ондағы ғалым-ұстазымыздан қалған құнды жәдігерлерді дәріптеді. Қазақ халқында «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген әдемі қанатты сөз бар. Яки дана халқымыз артында өшпес із, үлгі аларлық өнеге қалдырған адамға деген құрметін осылайша жеткізген болар.
Білімді жас ұрпақ санасында сабырлы да сарабдал мінезімен, парасат-пайымы, бекзат болмысымен есте қалған С.Ахметұлының колледж ұжымы үшін еңбегі орасан зор. Онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес «Ұлтжанды азамат, әмбебап ғалым» тақырыбында академиктің құрметіне орай колледж оқытушылары А.Қосуақова мен Б.Қожанованың ұйытқы болуымен колледж студенттері арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сонымен іс-шара аясында колледж кітапханашысы Қ.Бердештің ұйытқы болуымен «Ғалым еңбегі – тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін кітаптар, академиктің ғылыми еңбектері және шығармалары қойылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат – студенттерді академиктің өмірбаяны, шығармаларымен таныстыру. Ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Отан деп соққан жүрегі» атты колледж студенттері арасында өлең оқудан челлендж өткізілді.
Бұдан біраз жыл бұрын білімімді жетілдіру жолында Алматы қаласында оқыған кезімде, кейін техникалық колледждер арасындағы сан түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми жобаларды қорғау мақсатында ұстазым Серғазы Ахметұлының ақыл-кеңесін жиі алып отырдым. Шәкірт десе ішкен асын жерге қоятын ұстазымыз жаны жайсаң, білімгеріне бар білгенін үйретсем дейтін нағыз жанашыр ұстаз болған еді.
Тәуелсіз қазақ еліне қазіргі кезде осындай рухы асқақ, ұстаздық ісі ұлағатты, жастар талантын терең таразылайтын, адамгершілігі жоғары, ойы биік, білгір ұстаздар керек. Серғазы Жиенқұловтың көрегендігі, ақ көңіл, қамқор пейілі, адамгершілік асыл қасиеті баршамызға өнеге, ғибрат.
Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі
білім беру мекемесінің оқу ісі жөніндегі орынбасары
06 қараша 2024 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031