» » Еңбегімен елеулі

Еңбегімен елеулі

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей, білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары анық. Ұстаз – киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделілік те жатқаны мәлім.
Ұстаз – адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дегендей, ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгертетін де осы ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу – адам бойындағы бағалы қасиет. Ол жүректің батырлығын, сезімнің ақылдылығын, мінездің жайлылығын, білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын, бір сөзбен айтқанда ұстаз – асыл қасиеттердің жиынтығы.
Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен бірлігіне, іскерлігіне байланысты.
Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу – бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттің бірі. Оны іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.
Ұстаздарымыздың бар бақыты өзі тәрбиелеп, білім беріп отырған оқушыларында екені рас. Кез келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады. Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет. Өзгенің бақытын аялаумен, өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты.
Байқоңыр өңірінің негізгі мектепті бітірген түлектері үшін Қазақстанның білім беру стандартымен білім беретін, заман талабына сай техник-механик, техник-технолог, құрылыс технигі, құрылыс әрлеу жұмыстарының шебері, тігінші, байланыс технигі, турист агенті, турист нұсқаушы, автокөлік слесарі, автокөлік шебері және экономист-бухгалтер, заңгер-кеңесші секілді мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны – академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі. Білім әлемінде жиырма жылдық тарихы бар киелі білім ордасында көптеген ұстаз білім беруде. Солардың бірі, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің І санатты оқытушысы – Айгүл Абауова.
Ол қасиетті жүз шайырдың отаны атанған Қармақшы топырағында дүниеге келген. 1995-1998 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педагогикалық гуманитарлық колледжінен «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын меңгерсе, ал 2013-2017 жылдары облыстағы «Болашақ» университетінен өз саласы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдайды. 16 жыл Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясында пән мұғалімі болып қызмет атқарса, Айгүл Қанибекқызы 2017 жылдан бастап Байқоңыр жоғары колледжінде ұстаздық қызметін атқарып келеді. Ол еңбек жолында талай жетістікке жетіп, колледжішілік, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, білім ордасының абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Сабақ беретін топтарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін білімгерлерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда.
Білікті ұстаздың соңғы бес жылдағы жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2020 жылы республикалық «Мәртебелі маман – 2020» номинациясын жеңіп алса, «Қазақ тілі пәнінен оқу сауаттылығын арттыру тәсілдері» авторлық бағдарламасы жарық көрген. «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін халықаралық дәрежеге шығарады» тақырыбындағы облыстық ғылыми конференциясында Алғыс хат, сонымен қатар А.Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай – ұлы даланың ұлы есімі» атты байқауда ІІІ орынмен марапатталды.
2022 жылы «Кемеңгер ұстаз», «Өнегелі ұрпақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарына мақала жариялап, сертификат иеленген. Былтыр халықаралық «Жылдың үздік педагогы – 2023» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен және «Жылдың үздік педагогы – 2023» төсбелгісімен мадақталды.
Білікті маман заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де білікті ұстаз ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда үнемі өзін жетілдіріп отырады. Колледждегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға кеңес беруден жалыққан емес. Ол отбасында үлгілі келін, төрт баланың ардақты анасы, аяулы да адал жар.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
02 қазан 2024 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031