» » Алғашқы ұстазға алғыс

Алғашқы ұстазға алғыс


Алғашқы ұстаз – білімнің алғашқы баспалдағын қалыптастырушы тұлға. Осы елеулі үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімін ешкім ұмытпайды. Өйткені бірінші ұстаз әрбір ересек адамның бойында алаңсыз балалық шаққа деген сағынышын тудырады. Балалық шақтың ең жарқын, тамаша кездері де осы шақ.
Білімнің асқар шыңына жетелейтін бірінші қыркүйекте бірінші сыныптың табалдырығын аттағанымыз күні кеше ғана секілді. Осы айтулы күнде балбұл жанған жүзімен бізді қарсы алған алғашқы ұстаз №185 орта мектебінің білікті маманы Гүлжамал Жоламанова еді. Ол өте нәзік, қайырымды жан. Өмір әліппесімен таныстырған бұл ұстазға алғысым зор.
Бастауыш сынып өмірінде әр шәкіртінің тағдырына тікелей араласып, біздің жан-жақты дамуымызға атсалысқаны, түрлі мерекелік іс-шараларда белсенділік танытып, бізбен бірге билеп, бізбен бірге ән салған ұстазымның бір әсерлі оқиғасы есіме түсіп отыр.
Қыс айы болатын. Күн суық. Сондай кездері Гүлжамал апай әрбірімізді жеке өзі киіндіріп, барынша қымтап, үйге тез баруымызды қадағалайтын. Сол кездері менің курткам жұқа болды ма білмедім, әйтеуір апай өз кеудешесін шешіп, теріс айналдырып маған кигізіп жібергені әлі есімде. Мен ол кезде баламын, ал қазір сол сәтті есіме түсірсем, оқушыға деген ыстық ықыласқа толы жүрегіңізді, аналық мейірімді сеземін, апай. Алғашқы ұстаз тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес, таным баспалдағын қалыптастырушы ұлы тұлға екен. Қолыма қалам алып, ой толғануыма да осы бір сәт негізгі себеп болды.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» деген. Қазіргі таңда мен де ұстазымның берген тәлім-тәрбиесінің арқасында білім саласына үлес қосушы педагогпын.
Ұзақ жылғы еңбегімен биыл ұстазым зейнет жасына да жетті. Бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған абзал жанға мықты денсаулық, бақ-береке тіледім. Мың алғыс сізге ардақты ұстаз!

Бегайым ӘБІЛОВА,
№185 орта мектептің мұғалімі
01 наурыз 2022 ж. 13 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 004

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031