» » Алысқа түскен сәуле

Алысқа түскен сәуле

qarmaqshy-tany.kz Дүниедегі бірден-бір бетке ұстар тұлға – ұстаз. Ұстаз барлық мамандық иесін оқытады, тәрбиелейді, тұлға етіп қалыптастырады. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол ашатын сәуле секілді. «Мұғалім – барлық мамандықтың анасы» демекші, оның алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ел басқарған басшыдан бастап, есі кірген балаға дейін ұстаз алдынан өткеннен соң өмірде өз орнын табады.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтпақшы, осы күнге дейін өшпеген мамандық, келер күнде де ұстаздық етуден жалықпас деп ойлаймын. Ұстаздың осы өмірде еңбегі ерен. Ұстаз болу – шәкіртке атаанасындай қамқорлық ету. Ұстаз болу – шәкірттерінің жарқын болашағын қалай қалыптастыратынын айқындап беру. Қай кезде болсын, ұстазға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден бастап ұстазға құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, сонау ұстаз ұғымы қалыптасқаннан бері ұстазды құрметтеп, үлгі тұтқан.
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дегендей, мына өмірде үлкен-үлкен белестерге жетіп, атағы айға жеткен адамдар да ұстаздан білім, тәрбие алған. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – адамзаттың бір борышы.

Еліміздің болашағы, ұрпақ болашағы қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз қандай болса, тәрбиелеп отырған шәкірті де ұстаздың бойындағы қасиетке қарап өседі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанның бастар жолы – мектеп десек, мектептің жүрегі – ұстаз. Осыған байланысты «Мектеп жаны – мұғалім» деп білімнің атасы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан екен. Расында да, қандай бәсекелестік, қиыншылық болса да біліммен шешіледі. Жаңа заманда адамның ұстаздан білім алуы міндетті. Себебі, қазір кім білімді, кімнің ойы ұшқыр болса, сол өмірде жеңіс табады.

Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейтін жұмыс. Ең шыдамды, ең төзімді кім десе ұстаз дер едім. Адамның адам болып қалыптасуы – жақсы ұстаздан. Сонымен қатар, мектеп табалдырығын аттаған баладан жақсы адам қалыптастыру ұстаздың мойнындағы жүк. Сондықтан да, ұстаз болу жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
Маржан ҚЫЛЫШБЕК,
№107 орта мектептің оқушысы
11 қазан 2023 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930