» » Республикада бақ сынайды

Республикада бақ сынайды

qarmaqshy-tany.kz ЖЕР КІНДІГІ САНАЛАТЫН БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӨЗІНДІК ӘДЕМІЛІГІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕТІН, ЕКІ ЕЛДІҢ ЯҒНИ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ҚАТАР ЖҮРЕТІН ӨЗГЕШЕ ҚАЛА. ОСЫ БАЙҚОҢЫР ӨҢІРІНІҢ НЕГІЗГІ МЕКТЕПТІ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫМЕН БІЛІМ БЕРЕТІН, ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ – ТЕХНИК-МЕХАНИК, ТЕХНИК-ТЕХНОЛОГ, ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИГІ, ҚҰРЫЛЫС ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ШЕБЕРІ, ТІГІНШІ, КИІМ КОНСТРУКТОРЫ, РАДИОТЕХНИКА, ТУРИСТІК АГЕНТ, ТУРИЗМ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ, АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЖӨНДЕУ СЛЕСАРІ, АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЖӨНДЕУ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕР, ЗАҢГЕР СЕКІЛДІ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН БІР ҒАНА ОҚУ ОРНЫ – АКАДЕМИК С.ЖИЕНҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ.
Білім әлемінде жиырма жылдық тарихы бар киелі білім ордасынан көптеген шәкірт түлеп ұшты. Бүгінде колледжде 300-ден аса студент білім алуда. Студенттер арасында өз білімімен топты жарып шығып, жарыстарға қатысып, алдыңғы шептен көрініп жүрген жастар баршылық. Осындай жүлделі орыннан танылып жүрген студенттің бірі – Еркебұлан Жарылқапов.
Ол «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша (топ жетекшісі Гүлжазира Байтерекова) білім алуда. Е.Ерланұлы көпбалалы отбасындағы жеті баланың екіншісі. Ата-анасы Ерлан мен Райса мал шаруашылығымен айналысады.
– Мен жүрек қалауымен құрылысшы мамандығын таңдадым. Жаңа таныстар, жаңа орта, жаңа достар тапқан студенттік күндер мен үшін өте қызық, – дейді ол.

Үздіктер қатарындағы жас сабақта алғыр, берілген тапсырманы уақытылы орындайды. Ол өзінің тобы арасында ізденімпаздығымен, жаңалыққа жаны құмарлығымен ерекше. Еркебұланның студенттік кезеңде қатысқан жарысбайқаулары жетерлік, дегенмен сөзімізге тұздық ретінде бір-екеуін келтіре кетсек. Өткен оқу жылында студенттер арасында ғылыми-зерттеу дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізілген колледжішілік «Жас ғалым – 2023» атты конференцияға қатысып, жүлделі орын алды. Ол конференцияда несие арқылы алынған сиыр сүтінен жасалатын өнімдерді ұсына отырып, сатып алынған малдың жылдық кірісі мен шығысын зерттеп, өнімнен көретін пайдасын, кететін шығынын талдап таразылап, зерттеу жұмысын презентация арқылы көрсетіп берді. Сонымен қатар «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» жобасының колледжішілік кезеңінен өтіп, облысқа жолдама алса, ал облыстық додадан алдыңғы орын иеленіп, осы байқаудың ұлттық чемпионатының республикалық кезеңіне жолдама жеңіп алды. Еркебұлан жақында чемпионатқа дайындығын пысықтау мақсатында жетекшісі Шынар Назаровамен бірге Алматы қаласына барып қайтты. Олар Алматы құрылыс-техникалық колледжі және Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі базасында болып, «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзіреттілігі бойынша тәжірибе алмасты.
Қазіргі таңда республикалық кезеңі 20-27 қараша аралығында Астанада өтетін ұлттық чемпионатқа баруға Еркебұлан белін бекем буып отыр. Алдағы жарыста болашағынан зор үміт күттіретін студентіміздің сәттілік серігі болғай деп тілейміз.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
14 қараша 2023 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10305)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031