» » "Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті"

"Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті"

qarmaqshy-tany.kz Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде бекітілген жылдық жоспарға сәйкес "Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті" атты N273 мектептің оқушылары, ата-аналары және ұстаздарының қатысуымен ашық есік күні өткізілді.
«Ашық есік» күнін ұйымдастырудың мақсаты- «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесіне талапкерлерді оқуға шақыру; болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат беру.
Мектеп бітіруші түлектерге болашақтағы мамандығын қателеспей, оны өзінің жүрек қалауымен таңдауға жол көрсетіп, дұрыс бағыт беру мақсатында «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай аулы мектептерінің 9 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін «Ашық есік» күнін өткізу жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Ашық есік күнін өткізу кезінде колледж оқытушылары мен білім алушылары бар күш - жігерлерін салып, мұнда оқытылатын кәсіби мамандықтың барлық түрін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсете отырып, колледждегі мамандықтардың қыр-сырын ашып, тереңірек тоқталып өтті.
17 ақпан 2023 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930