» » Баланың басты ұстазы – ата-ана

Баланың басты ұстазы – ата-ана

Әрбір үйдің қуанышы, еліміздің болашағы – балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол – мектеп, қоғам, ата-ана, отбасы. Ата-анамен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тәртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету – бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.
–Осы ретте сенбі күні аудандық оқушылар үйінде «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – қосымша білім беру ұйымының тыныс-тіршілігімен танысу, ата-аналармен ынтымақтастықты орнату, қарым-қатынасты нығайту.
Аталған іс-шараға оқушылар үйінің білім алушыларының ата-аналары, сонымен қатар оқушылар үйінің ардагер ұстазы Төленді Мырзабаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Гүлжаухар Төлегенқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы, «Дәметкен Ана» балалар-сауықтыру орталығының меңгерушісі Әзиза Тәменқызы, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айнұр Әзілханқызы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Әсем Ідірісқызы және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Қуандық Бейбітұлы қатысты.
Іс-шара барысында білім ошағының педагогтері қонақтарды қарсы алып, оқу кабинеттерінде өтетін шеберлік сағаттарына бөлді. Оқу кабинеттерінде «Сауат ашу» үйірмесінің жетекшісі Айдана Әбілдаева «Оқу жылдамдығын арттыратын жаттығулар» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетсе, «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі Ербол Жұмабеков «Менің отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында ата-аналармен жұмыс жүргізді. «Хореография» үйірмесінің жетекшісі Жадыра Алпысбаева ата-аналармен қазақ биінің қол қимылдарын үйренсе, «Арт-дизайн» үйірмесінің жетекшісі Қайсар Каналбеков «Resin Art» техникасымен түрлі бұйымдар жасады. «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбек Малаев «Robo Stem» тақырыбындағы шеберлік сағатында робот құрастырып, оларға бағдарламалар орнатты. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Самат Өскелеңов «Dala Crafts» тақырыбындағы шеберлік сағатында саздан құмыра жасауды көрсетті. Түрлі бағытта көрсетілген сабақтарға ата-аналар қызығушылық танытып, барлық сабаққа белсенді қатысты. Сондай-ақ ата-аналар оқушылар үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Жиын соңында қонақтар ұстаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, шығармашыл ұжымға алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық оқушылар үйінің директоры Құралай Манасова шараға қатысқан жандарға алғысын білдіріп, белсенді ата-аналарға алғыс хат табыстады. Тағылымы мол шара оқушылар үйінің шәкірті, әуез мектебінің ұстазы Азат Ысқақтың әнімен жалғасын тапты. Білім ордасындағы ата-ана мен ұстаздың арасын жақындатып, жылу сыйлаған мұндай тағылымды іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Марал АЙМАХАНОВА,
аудандық оқушылар үйінің бұқаралық-ұйымдастыру
бөлімінің жетекшісі.
29 қазан 2024 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031