» » Оқушылар үйі жаңа оқу жылын бастады

Оқушылар үйі жаңа оқу жылын бастады


Кеше Қармақшы ауданының оқушылар үйінде жаңа оқу жылының парағы ашылды. 
Бұл күнді асыға күткен балғындар ұстаздарымен, достарымен қайта қауышты.
Бұл күн білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған балалар үшін де ерекше мереке. 

Бүгінгі айтулы мерекеде Қармақшы ауданының оқушылар үйінде «Сәлем, жаңа оқу жылы!» тақырыбында жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті. 

Салтанатты шараға Қармақшы аудандық мәслихатының, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Қошалақов Үсен Әділұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы қатысты. 
Қатысушы қонақтар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім ордасын жаңадан аттаған шәкірттерге игі тілектерін білдіріп, кітап табыстады. 

Салтанатты шарада алғашқы қоңырау соғу рәсімі өткізіліп, концерттік бардарламаға ұласты. Білім алушылар әсем әуендерді әуелетіп, көрермен қауымының көңілін бір серпілтіп тастады. 
Мерекелік шара ғимарат ішінде үйірме сабақтарымен жалғасын тапты.
15 қыркүйек 2024 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 446
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31