» » МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

Мәдениет саласындағы менеджмент – мәдениет қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік ету және бақылау үдерісі. Мәдени менеджменттің бір бөлігі – мәдени туризм. Ол мәдени орындар мен тарихи орындар туралы мол білім беретін туризм саласы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы Тұжырымдамасында көзделген туристік кластерлерде тарихи мәдени мұра обьектілері, соның ішінде тарихи-мәдени, археологиялық қорық-музейлердің, көне сәулет ескерткіштері – кесенелер, мешіттер, қорғандар, петроглифтер туристік қызығушылық объектілері болып табылады.
Мәдени туризм туристік спорт түрлерінен немесе жағажайлардан айырмашылығы мәдени мұраны дамытуға, басқа адамдардың өмірлік тәжірибесін зерттеуге, ұлттың мәдени ерекшелігін, оның руханилығын, тарихи жадысын қалыптастырудың факторы. Жалпы мәдени туризм – тарихқа саяхат.
Шетелдің туристік даму бағыттағы жұмыстардың тәжірибелеріне сүйенсек, олардың пиар агенттіктері, киноиндустрия салалары мықты жұмыс жасайтыны белгілі. Бәрімізге белгілі «Аватар» фильмінен кейінгі Қытай Республикасындағы «Улиньюань» тауларын көруге әлем бойынша мыңдаған туристер, «Властелин колец» фильмінен кейін Жаңа Зеландия жерлеріне деген туристік сұраныс артқан.
Мәдени туризм – белгілі бір аймаққа немесе өңірге табыс-сұраныс әкеліп қана қоймай, сонымен бірге жергілікті тұрғындарына өзінің бірегей мұрасын мақтан тұтуға, болашақ ұрпақтарға сақтауға көп мүмкіндік береді. Осы орайда ЮНЕСКО тізіміндегі күллі түркі халқына ортақ Қорқыт ата құрметіне салынған мемориалдық-кешен жылына мыңдаған туристерді қабылдайды.
Сыртқы және ішкі мәдени туризмде өлкемізде өзін-өзі тану үдерісі қаншама жылдардан бері қалыптасып келеді. Мәселен тарихи мұралардың қатарындағы Қазақстан бойынша 25 мың тіркелген ескерткіш арасында алғашқы адамдардың тұрақтары қалыптасқан ескерткіштердің бірі Баланды II ескерткіші (кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі), Шірік Рабат, Бәбіш мола, Сырлытам, Жеті асар мәдениет ескерткіштеріне, жергілікті маңызы бар Марал ишан, Қалқай ишан, көне қала-қоныстарға (Сортөбе, Орынбай, Іңқар-қала, Қара асар, Қабыл, Алыпқорған т.б), ғұрыптық-жерлеу кешендеріне (Түгіскен, Сеңгіртам т.б) деген қызығушылық артып келеді. Бұл әрине, өңіріміз мәдени мұралаларға бай өлке екендігінің дәлелі ретінде келтірілген бірнеше ғана мысал. Одан да бөлек мәдени мұрамыз қаншама. Осы орайда біздің мекен туралы көптеген телеарна, тәуелсіз саяхатшылар арнайы бейнетүсірілім түсіріп, көрсетуде.
Өзін-өзі тану үдерісінен өлкені ғылыми негізде жан-жақты зерттеу туындайды. Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірнеше форма ерекшелігіне бөлінеді. Мәселен мемлекеттік өлкетанушылар қатарына өлкетану музейлері, әкімдіктер, мәдениет басқармалары мен бөлімдер, облыстық, аудандық ескерткіштер мамандары, облыстық, аудандық кітапханалар, орта білім беру ордалары, тарих мамандары, мұғалімдер, оқушылар жатады. Олар өлкені зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Ал қоғамдық өлкетануды өлкетанушылар, тарихшылар, туристер, қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер, мақалалар, диссертациялар мен зерттеулерге, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне сүйеніп жасалады. Осы жұмыстар негізінде тәрбиелік, даму, әлеуметтендіру, танымдық, насихаттық білім қалыптастыру функциялары жатыр.
Мәдени менеджментті дұрыс қалыптастыра отырып мәдени құндылықтарды сақтау және әлемдік деңгейге көтеру, алдыңғы буын жасаған мәдени-тарихи жадыны сақтау үшін ғана емес, елдің мәдени және тарихи гендік рөлін сақтау үшін де маңызды. Бүгінгі күні мәдени құндылықтар мемлекет тарапынан қорғалады және де заңсыз әкетілуіне немесе бұзылуына жол берілмейді.
Гүлфайруз БАЙКУБЕКОВА,
К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің тарихи-ескерткіштер маманы
24 қазан 2024 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031