» » Ескерткіштер – ел тарихы

Ескерткіштер – ел тарихы

Бүгінде аймақтағы 560 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде, 31-і республикалық, 256-сы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болатын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерқазы Алданазаров мәлімдеді.

Сондай-ақ 273 ескерткіш алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.

-Ескерткіштер – халықтың мәдени мұрасы. ЮНЕСКО шешімімен 1983 жылы 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні болып бекітілді. Қазіргі күнде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жүзеге асырылды. Оның нәтижесі бойынша энциклопедия жинағына жалпыұлттық 12, өңірлік 60 қасиетті нысан енгізілді. Тәуелсіздік жылдары 15 археологиялық ескерткішке зерттеу жасалып, 38 сәулет ескерткішіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 125 монументті өнер құрылысы салынып, 80 ескерткіштің қорғау аймақтары белгіленді. Бүгінде 3 ескерткіш – Қорқыт ата ескерткіш кешені, Сығанақ, Жанкент қалашықтары толығымен қоршалды. Соңғы жылдары мәдени құндылықтар мен ұлттық тарихымызға көп назар аударылып жатыр. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Соның негізінде ежелгі өркениет ошақтары саналатын сақтардың орталығы Бәбіш мола, оғыздардың ордасы Жанкент және қыпшақ, қазақ хандықтарының астанасы болған Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Мұнан өзге, 2023-2024 жылдары Қызылорда облысында бірқатар ескерткіштерге реставрациялық жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Осы орайда тұрғындарды ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтауға, қастерлеуге шақырамыз,-деді Ерқазы Жарылқасынұлы.

@ Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 сәуір 2023 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930