» » Билер кеңесі билік дәстүрін жаңырта түседі

Билер кеңесі билік дәстүрін жаңырта түседі




Билер кеңесі – дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті.
Би - мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: «Жеті жарғы» қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағидадан айнымауға тиіс.
Билер соты - кезінде мемлекеттік биліктің атқарушы, заң шығарушы, билік айтып ел басқарушы қызметтеріне араласты. Сонымен қатар ел болашағын күнілгері болжауда көрегендік танытып, ұлттық идеология, ел бірлігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Даналық нақыл сөздері арқылы халыққа түзу бағыт бере білді. Осындай көрегендік пен сыңғылалық қаситтері бүгінгі қазақ соттарының, жалпы заң мамандарының бойына дарыды.
Тәуелсіз еліміздің сот жүйесінде адам өмірі мен бостандығы ең басты құндылық саналады. Сот алқасы шешім шығарар алдында заңды жеңілдету жағдайларын толығымен ескереді және сот төресі обьективті тұрғыда ішкі жан дүниесі мен ұстанымына сүйене отырып шешім шығарады. Қазіргі заң нормаларында адамның ішкі жан дүниесі мен ұстанымына сүйене отырып шешім шығарады.
Ахмет Байтұрсыновтың: «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», дейтін сөзі бар. Шынында да, билер институты өз дәуірінде халық өмірінің тамыршысы секілді еді. Қазақ қоғамын түрлі қатерден сақтап, елдің ішкі тәртібі мен сыртқы салмағын саралап отырған кешегі билер өнегесі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

А.Сапарова,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы
10 қазан 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031