» » АЭС салуды қолдау

АЭС салуды қолдау

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штабтың мүшелері Ақжар бастауыш партия ұйымында білім беру саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Штаб мүшелерінің айтуынша,Қазақстанның энергетикалық жүйесін әртараптандыру үшін атом энергетикасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта еліміздегі электр станцияларының көпшілігі ескірген және олардың тиімділігі төмен. АЭС салу арқылы біз тек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқаны жайлы және электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстігінде айрықша сезілетіндігі айтылды. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады. Егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Кездесуге қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, АЭС құрылысының елдің энергетикалық болашағына қосатын үлесі туралы кеңінен ақпарат алды. Халықтық штаб қоғаммен ашық диалог жүргізуді жалғастырады және алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
30 қыркүйек 2024 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031