» » АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері кездесу өткізді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері кездесу өткізді

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб аймақтарда кездесулер өткізуді жалғастыруда. Штаб мүшелері "Тұрмағамбет" бастауыш партия ұйымында білім саласы қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде атом энергетикасының экологиялық жағдайды жақсартудағы рөлі сөз болды.

Штаб мүшесінің айтуынша, қазір еліміз көптеген экологиялық мәселелерге тап болуда, атом энергетикасына көшу ауаның ластану проблемасын шешудің тиімді тәсілі бола алады, өйткені АЭС – көмір электр станцияларына қарағанда әлдеқайда экологиялық тұрғыда таза. Халықтық штаб мүшесі А.Жарасова Мемлекет басшысының ұстаздар мен білім саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандыру айтарлықтай өсті, білім берудің инфрақұрылымдық мәселелері жүйелі түрде шешілуде, «Жайлы мектептер» салынуда. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеу жолы ұстаздарға байланысты. Атом электр станциясы – еліміздің энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін болашақтың жобасы. Сондықтан, бақуатты ел боламыз десек, балама жоқ атом электр станциясын салу мүмкіндігін жіберіп алмауымыз керек.
19 қыркүйек 2024 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 765
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930