» » Сапалы өнім сұранысқа ие

Сапалы өнім сұранысқа ие

Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Нәтижесі де жаман емес. Бүгінде шағын және орта бизнес саласындағы қаншама қыз-келіншектер жоғары жетістікке жетіп жүр. Оған мемлекет тарапынан берілетін түрлі қолдау бағдарламалардың көбейіп, адамдарды кәсіпке баулу мен нәтижелі еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстың жолға қойылуы да әсер етуде.

Нәзікжандылардың көбі жеңіл өнеркәсіп, тағам және қызмет көрсету салаларын дамытуда. Қарап отырсаңыз, қазір қай дүкенге бара қалсаңыз да, сөрелерінде жартылай дайын тамақтың түрлері өте көп. Иә, ас үй ханымдарының жұмысын  жеңілдеткен бұл өнімге сұраныс көбеймесе азаймасы анық. Кәсіптің бұл түрімен айналысатын төретамдық Айнұр Садықовамен тілдесудің сәті түсті.
Бұл маусымдық жағдайларға әсер етпейтін кәсіп түрі. Жылдың кез келген мезгілінде жайма, кеспе, тұшпара, манты тағамдарына сұраныс жоғары. Дүкен сөресінде жартылай дайын өнімнің түр-түрі бар. Әйтсе де қызылды-жасылды қораптағылардың барлығы дерлік сырты ішіне сай келмей жатады. Осындайда қолдың таза өнімі болса ойланбай алар едік деп жатамыз. Ал кәсіпкердің бұл өнімдері осы сұранысты қанағаттандырып отыр. Икемі мен ебін тапқан адамға «жұмыс аз, ақша жоқ» деген құр сылтау ғана. Мұны Айнұр Нұрқасымқызымен сөйлескен аз уақыт әңгімеде аңғардық.


Мен таңдаған кәсіп түрі – жартылай дайын  өнімдер, яғни, қазіргі қоғам талабына сай тез әрі оңай дайындалатын тағам түрлері. Жұмысбасты аналар үшін отбасын тез арада ыстық, пайдалы тағаммен таңғалдырғысы келетін әйелдер қауымына таптырмас көмек. Одан бөлек, балаларды асығыс сәттерде фастфуд өнімнен гөрі, денсаулықтарына пайдалы, құнарлы тағамдарды жасап бере аласыз. Ол аса бір аспаздықты талап етпейді, қазанның басында сағаттап тұрмай-ақ тек тұздалған, қайнаған суда 15 минут ұстасаңыз ғана болғаны. Солай көптеген аналар уақытын тиімді пайдаланып, балаларының, отбасының денсаулығын сақтап қала алады. Бұл кәсіп түрін таңдау себебім де осы, – дейді кәсіпкер.

Бұл өз кезегінде ауданымыздың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың санын ұлғайтуға, өнім көлемін арттыруға, жалпы өңір экономикасының одан әрі дамуына өзіндік ықпалын тигізбек. Бір сөзбен айтқанда, жартылай дайын өнім өндірісі – дәмді кәсіп көзіне айналып тұр. 2023 жылдан бастап кәсіптің бұл түріне ден қойған Айнұр бастапқыда тек тұшпарамен дайындаумен айналысқанын айтады. Ал  қазіргі таңда жартылай дайын өнімдердің 10-ға жуық түрін халыққа ұсынып отыр.

Бұл өнімдердің өзіндік дайындалу, қатыру, сұрыптау тәсілі болатыны анық. Бастапқы уақытта оның барлығын түгелдей білдім деп айта алмаймын. Өзіміз үйде дайындайтын жолмен жасап бастадым. Оның дәмділігінің сыры да осында. Кәсібім уақыт өте аз болса да өзіндік тұтынушыларын тауып, сұранысқа ие бола бастады. Сол сәтте тұшпарамен шектеліп қана қоймай, басқа да өнім түрін қосуды жөн көрдім. Соған сәйкес, бұл саладағы білімімді арттыру үшін инстаграм желісінен әртүрлі онлайн курстарға қатысып, кәсібімді одан әрі көркейтуге әрекет ете бастадым. Бұған дейін де өзімді түрлі саладан сынап көрдім. Бірақ маған әрдайым сауда жасаған, ақшамен жұмыс істеген ұнайтын еді. Одан бөлек, дәмді тағам жасап, онымен отбасымды қуантқанды жаным сүйетін. Жақында мемлекет тарапынан бөлінетін «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 476 800 теңге көлеміндегі грант иегері атандым. Осы кәсібімді көркейтіп, халықтың қалауына ие болып отырған өнімдерімді одан әрі дамытып, нарыққа таза, пайдалы, сонымен қатар тұтынушылар сүйсініп жейтін, денсаулыққа зиян келтірмейтін тағамдарды шығарсам деймін, – дейді ол.

Бүгінде кәсіпкер өз өнімдерін Төретам кентіндегі дүкен, мейрамхана, асханаларға өткізіп отыр. Міне, істің көзін тапқан келіншек отбасындағы келіндік, аналық, жар ретіндегі міндеттерімен қоса, мемлекет қолдауының арқасында, кәсібін кеңейтіп, іскер әйелге айналып отыр. Әрекет еткен адамның берекелі тұрмыс кешетіндігін дәлелдей түскен Айнұр Нұрқасымқызының алға қойған мақсат, жоспарлары да көп.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 тамыз 2024 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031