» » Сұлулық сыйлайтын салон

Сұлулық сыйлайтын салон

qarmaqshy-tany.kz Нарықта жоғары сұранысқа ие саланың бірі – сұлулық. Сәт сайын сән саласындағы жаңалықтар толысып, түрлі қызмет түрлерін өмірге әкелуде. Соңғы жылдары жастардың кәсіп бастап, кәсіпкер атануына себепші болып отырған да осы – сұлулық саласы. Аталған салада кәсібін жаңа бастап жатқан жанның бірі – Ақерке Сақташова.

Бүгінде әйелдер арасында бизнес ашу кең таралып барады. Мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген жанға қолдау көп. Иә, жыл сайын Үкіметтен гранттар бөлініп, түрлі жоба лар іске асуда. Ақерке сондай бизнес-идеяларды іске асыруға арналған «Ұлттық жоба» шеңберінде грантқа қатысып, қайтарымсыз қаражат алған. Бүгінде сол қаражатқа құрал-жабдық сатып алып, косметологиялық салон ашып отыр.
Әйелсіз әлем сұлу емес. Әйел бар жерде әдемілік бар. Сұлулық әлемді құтқарады дегендей, нәзікжанды қыз-келіншектер сұлулыққа құмар келеді емес пе?! Жалпы әйелдер қауымы жан сұлулығымен қоса тән сұлулығына көңіл бөліп, әрдайым әдемі болып жүруге талпынамыз. Ақеркенің де сұлулық салонын ашып, кәсіп бастауына осы бір талпыныс себепші болыпты.
– Көптен бері өз кәсібімді ашсам деп армандайтын мын. Халықтың сұранысына сай қыз-келіншектерге косметологиялық қызмет түрін көрсететін, көптің көңілінен шығатын салон ашу ойымда жүрді. Бүгін міне, соны ашудың сәті түсіп отыр. Ауданда косметологиялық салондар жоқтың қасы деуге болады. Қыз-келіншектердің көбі осы қызмет түрі үшін қалаға қатынап жатады. Сол себепті ауданнан осындай сұлулық салонын ашқан дұрыс деген ойға келдім, – дейді жас кәсіпкер.
Мұнда бет тазарту, массаж, пилинг, мезотерапия, ВВ glow секілді косметологиялық қызмет түрі көрсетіледі. Соны мен қатар бет, тері күтімі бойынша косметикалық өнімдер де сатылады.
– Осы салаға келмес бұрын Қызылорда қаласынан кәсіби мамандардан арнайы сабақ алдым. Әр адам еңбектенуден танбай, ізденімпаз болуы тиіс. Себебі қазіргі қоғамда күн сайын жаңа мамандық пен қызмет түрі шығуда. Оны игеріп алу да қиын емес. Жолы мен жұмысын меңгерсеңіз болды, – дейді салон иесі.
Бүгінгі таңда өз кәсібін ашып, еңсесін тіктеуге бет- бұрыс жасағандарға мемлекеттік қолдау көп. Бизнес негіздерін меңгеріп, кәсібін дөңгелентемін деген жанға мүмкіндік мол. Тек жаныңа жақын бағытты тауып, нақты жоспарың болса болғаны. Иә, кез келген істі кәсіпке айналдыруға болады. Бұл барлығының қолынан келеді, бастысы – ниет.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 желтоқсан 2022 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 553

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 623

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031