» » Әдемілік әйелге тән

Әдемілік әйелге тән

Әдемілік – жалпы әйел табиғатына тән нәрсе. Әр адам әдеміліктің сырын білуге, сұлу болуға ұмтылатыны анық. Әдемілік тек адамның сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі жандүниесіне де тікелей байланысты. Десе де қазіргі уақытта адамдар бірінші кезекте сыртқы келбетке аса мән береді.
Сұлулық жанымызға жақын нәзік жанды болған соң, менде ара-тұра сән салонына барып тұрамын. Бір күні Айнұрдың салонына бас сұқтым. Заманауи үлгіде әрленген, шаш қиюға, бет әрлеуге арналған бірнеше қызмет көрсету орны бар екен. Есіктен кіргенім сол еді, жылы жүзді Айнұр Сисенбайқызы қарсы алып, қызмет көрсетуді бастап кетті. Әрлеу жұмысына қарап өзі ісін өте жақсы көретінін аңғардым. Тілші болған соң, қызығушылық танытып, сұрастыра бастадым.
Айнұр кішкене күнінен бастап сән әлемі мен сұлулық өнерге жақын болыпты. Он жылға жуық шаштараз мамандығының қыр-сырын меңгеріп, бүгінде көпшіліктің алғысын алып жүрген жайы бар.
– Әркімнің бұл өмірде алар белесі бар. Бұл мамандыққа бала кезімнен қызығушы едім. Сұлулық салонын ашу арманым болатын. Арманым мақсатыма айналып, қазіргі күнде үш бөлмелі, кең де жарық сән салонының иесімін. Бір уақытта жеті адамға түрлі сәндік қызмет көрсете аламыз. Менің осындай жетістікке жетіп, кәсіп ашуыма отбасым себепші болды. Елбасы биылғы жылды "Жастар жылы" деп белгілеп, еңбекқор жастарға мүмкіндік беруде. Түрлі бағдарлама арқылы қайтарымсыз және жеңілдетілген несие түрін қарастырып, кәсіп ашуға жағдай жасауда. Ойы озық, ізденімпаз жастарымыз арасында бұл мүмкіндікті құр жібермей, өз кәсібін бастап кеткендер қаншама. Мен де мемлекеттен қолдау алып, өз кәсібімді кеңейткім келеді – дейді жас кәсіпкер.
Салонда Айнұрдан өзге Гүлназ Ботабаева, Ақмарал Ералиева, Жансая Сисенқызы сынды шеберлер қызмет етеді. Олар жас болса да заман талабына сай өзгеріп келе жатқан сән әлемімен бірге дамып, сұлулықтың сырын меңгере түсуде.
Өзі сұлу болып қана қоймай, елдің сұлулығы мен игілігіне қызмет етіп жүрген жас кәсіпкерге қалың көпшіліктің алғысы шексіз. Жасаған еңбегіңнің нәтижесі жеміс бергенде анық көрінеді емес пе? Сол себепті Айнұрдың кәсібі халықтың ықыласы арқылы алға қарай дамитына еш күмәніміз жоқ.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
14 қазан 2019 ж. 1 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 548

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 617

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031