» » Бір мамандық бар, шаштараз деген...

Бір мамандық бар, шаштараз деген...

Фото: ашықдерекөзден
Әнеугүні туысым үйленбекші болып тойға дайындалдық. Әйелді білесіз ғой. Тырнақ, шаш, бет әрлеу – онсыз той өтпейтіндей. Жұмыстан шыға сала «жақсы істейді-ау» деген салонға асықтым. Жол жөнекей такси ұстап, «ағай, әйтеуір бір салонға апарыңызшы» деп апыл-ғұпыл міндім. Қасымда кім отырғанын да аңғармаппын. Реңі ақ, әдеміше келген бойжеткен екен. Нәзік даусымен «Мен «Раушан» сұлулық салонына бара жатырмын, бірге жүріңіз» деп үн қатты.
Ойланбастан келісе кеттім. Себебі, аудан орталығындағы бұл салонды білмейтін жан аз-ау, сірә?!
– Сіз де тойға барамысыз? – дедім әңгімеге тартып.
– Жолым осында түсті, жол жөнекей мінгеніңіз жақсы болды, – деді ол.
Діттеген жерге де жеттік. Салон қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алды.
– Тойға баратын едім, 1 сағатта «золушка» қып берсеңіздер, – деп әзілдеп қоям.
– Қандай қызмет керек сізге? – деді жаңағы таксидегі бойжеткен.
– Шашымды сәндеп, бет әрлеу керек.
– Келіңіз, мында отырыңыз. Бірінші шашыңыздан бастайық, – деді ол.
– Сіз осында жұмыс істейді екенсіз ғой, ә? Айтпайсыз, – дедім әңгімеге тартып.
– Келген соң-ақ көретін едіңіз ғой, – деп жымиды ол.
Тілші болған соң әр нәрсені білгің кеп, сұрақ қоюға даяр отырасың. Таныстықтың тосыннан болғаны да ғажап емес пе? Оның ішінде, сән салонында бір досың болса қандай керемет?!
– Есіміңіз кім? Қашаннан бері жұмыс істейсіз мұнда? – деп алғашқы сұрағымды қойдым.
– Есімім Асылым. А.Жанпейісов атындағы №105 мектепті тәмамдаған соң Динара Альмусаева академиясында «Мужской мас­тер» курсын оқыдым. Бітірген соң «Раушан» сұлулық салонына орналастым. Міне, содан бері осындамын, – деді ақжарқын мінезімен.
Расымен де, бұл академиядан түлеп ұшқысы келетіндер аз емес. Барлық қызмет түрін кәсіби деңгейде істейді. Ішімнен, жақсы «қолда» екенмін деп ойлап қоямын. Босқа отырмай «инс­таграмнан» аты-жөнін жазып парақшасын ақтардым. Істеген жұмыстары біршама. Сапасын көрсеңіз ғой? Ерлердің де шашын заманауи қып сәндеп алады екен. Бетті де әрлейді. «Прическа» да жасайды. Кейіпкердің айтуынша, бастапқыда тырнақ әрлеумен де айналысыпты.
– Мектеп қабырғасында жүргенде сыныптастарыма, құрбыларыма шаш үлгісін жасап беретінмін. «Қыз сыны» секілді түрлі байқауға қыздарды бояндырып дайындайтынмын. Осылай қызығушылығым артып, ғаламтордан шаш үлгілерін көріп, жасап үйрендім. Әрине, кез келген кәсіпті бас­тарда бір қиындықтың болатыны жасырын емес. Бастапқыда жасаған жұмысым біріне – ұнаса, біріне – ұнамады. Сол кезде көңілім құлазитын. Жанымдағы әріптестерім көп нәрсені үйретіп, қолдау көрсететін. Алға қойған мақсатым болды. Сол мақсатыма жету үшін талпындым, – деді Асылым Мырзағалиқызы.
Әңгіме үстінде шашымды да, бетімді де қалай әрлеп болғанын аңғармай қалыппын. Бастысы ойымдағы «ханшайымдай» болдым. Алғысымды айтып, өз жөніммен кете бардым. Ең қызығы Асылым біз секілді тілші болғысы келген екен. Бірақ, әкесі «қызым, шаштаразшы болсайшы, бұл да мамандық қой» деп ұсыныс айтыпты. Әке сөзін жерге тастамаған бойжеткен бүгінде өз ісінің маманы. Ол алдағы уақытта үздік оқытушылардан білім алып, осы саладағы біліктілігін жетілдіруді мақсат еткен.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
13 ақпан 2019 ж. 3 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031